Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектепте бастау алған «Кітапханаға кітап сыйла!» қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда.
Бүгін мектеп директоры Е. Ақбердиев бастаған №3 ЖББМ әкімшілігі игі бастаманы қолдап, мектеп кітапханасына жаңа кітаптар сыйлады.
Акцияның негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, мектеп кітап қорының көлемін толықтыру және оқу мәдениетін дамыту болып табылады.
Мектеп ұжымы мұндай игілікті істің оқушылардың рухани байлығын арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге және білімге деген құштарлығын дамытуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.