Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 - 2026 оқу жылының күзгі демалысы кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарына сәйкес 30 қазан 2025 жылы "Өлкетану. Шардара өлкесін тану" тақырыбы аясында оқушылар өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Саяхат барысында олар қызықты мәліметтермен танысып, Шардараның тарихы, табиғаты мен батырлары жайлы құнды ақпараттар алды.
Түрлі тарихи жәдігерлер мен суреттерді тамашалап, туған өлкенің өткені мен бүгінін зерделеді.
Мақсаты:
Оқушылардың өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу.
Шеберлік сабағы барысында оқушылардың ынтасы, ұқыптылығы мен талғамы ерекше байқалды.
Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесі мен ұлттық сана - сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.