2026 жылғы 14 сәуір күні Шардара қаласындағы Оқушылар үйінің базасында өткен «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» атты оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларына арналған аудандық білім беру қарқындылығы байқауына мектеп президенті Мұхаммедқызы Азиза қатысып, жүлделі III орынға ие болды.
Бұл жетістік – табандылық пен жүйелі еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Команда жетекшісі: Ж. Ахметова