Бүгін мектебіміздің 9, 10, 11-сынып оқушылары Түркістан облысы Бас прокурорының орынбасары Тлемисов Дәулет Бекболұлының қатысуымен өткен тікелей эфирді тамашалап, құқықтық сауаттылық сағатына қатысты.
Жиын барысында прокурор кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтану және әкімшілік жауапкершілік (127, 140-баптар) туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Мектеп директоры Ақбердиев Еркіналі Дүйсенбайұлы кездесуді қорытындылай келе, мектепішілік тәртіпке қатысты қатаң талаптарды ескертті: Мопед: 18 жасқа толмаған оқушыларға мопед басқаруға қатаң тыйым салынады. Ұялы телефон: Сабақ уақытында телефон пайдалануға тыйым салынғаны жайлы кеңірек сөз қозғалды
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садықбекова Анифа оқушыларды тәртіп пен мәдениеттілікке шақырды:
"Тәрбие – тал бесіктен басталады. Мектептегі тәртіп, ұстазға құрмет, мектеп формасын сақтау – бұл әр оқушының ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Сабақ үстінде телефон шұқылау немесе заңсыз мопед айдау – тек ереже бұзу емес, бұл өзіңді және өзгелерді сыйламау. Біз «Мектеп-Ата-ана-Оқушы» үштігі болып бірлесе жұмыс істегенде ғана нәтижеге жетеміз. Әрбір оқушы мектеп абыройын биік ұстауы тиіс!"
Сынып жетекшілер А. Дуйсеалиева, А. Хонарова, М. Кулкаева оқушыларға аталған ережелердің маңыздылығын түсіндірді. Қатысқан оқушылар саны: 75 оқушы