Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Шардара аудандық полиция бөлімінің 2025 жылғы 12 қазандағы №30/4/120/2509 хатына сәйкес, мектеп инспекторы М. Бердалиев №3 жалпы білім беретін мектептің 7 «Ә» сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында төмендегі өзекті тақырыптар талқыланды:

  1. Құқықбұзушылықтың алдын алу
  2. Буллинг пен кибербуллингтің зияны
  3. Лудомания (ойынқұмарлық) мәселесі
  4. Нашақорлық, темекі шегу және зорлық-зомбылықтың алдын алу

Инспектор оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, жеке жауапкершілікті арттырудың қажеттілігін атап өтті.

Оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды.