Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектебімізде «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында оқушылармен маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысты мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Садыкбекова ашып, жоба мақсатына тоқталып өтті. Ол өз сөзінде балалардың қауіпсіздігі – басты назарда екенін атап өтіп, жолда өзін дұрыс ұстаудың, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
Бірінші мектеп директорының м.у.а.
Б. Дарменова сөз сөйлеп, оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және Қазақстан Республикасының заңдарын орындау жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз сөзінде ол ҚР Конституциясының 14-бабына — «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» екендігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127, 128-баптары бойынша кәмелетке толмағандардың іс-әрекеттері мен ата-аналардың жауапкершілігі жайында нақты мәлімет берді.
Екінші директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Садыкбекова нашақорлық, темекі шегу, ішімдік ішу және зорлық-зомбылықтың зияны мен салдары туралы айтты.
ҚР заңнамасына сәйкес, соның ішінде 110-бап және «Темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу туралы» Заңы талаптарына сай, кәмелетке толмағандарға темекі және алкоголь өнімдерін тұтынуға қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді.
Жиналыс соңында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу – әркімнің өз жауапкершілігі екені ескертіліп, мектепте немесе мектептен тыс жерде қандай да бір жағдайға тап болған жағдайда, тез арада ата-аналарына және сынып жетекшілеріне хабарлау қажеттігі айтылды.
Балалардың қауіпсіздігі — ортақ міндет!