№3 жалпы білім беретін мектепте 9–11 сынып оқушыларына қауіпсіздік бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналысты мектеп директоры Еркінәлі Ақбердиев ашып, оқушыларға өрт қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелері және судағы қауіпсіздік туралы маңызды мәліметтер берді. Сонымен қатар мектепке келу жолындағы белгілерге назар аудару, жауын-шашын кезінде жылы әрі қалың киініп жүру қажеттігін ескертті.
Мектеп инспекторы Марат Бердалиев оқушылармен ашық сұхбат жүргізіп, олардың қойған бірнеше сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда:
1. Түнгі уақыттарда жұмыс істеп жүріп ұсталған жағдайда қандай шара қолданылатыны;
2. Түнгі рейдтердің басталу уақыты туралы түсіндірме берілді.
Жедел уәкіл А. Мамыров оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылықтың болдырмауы, сабақтан себепсіз қалмау және жалпы тәртіп сақтау мәселелерін кеңінен түсіндірді.
Жиналысты ДТЖЖО А. Садықбекова қорытындылап, соңында викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар өз білімдерін нақты жауаптарымен көрсетті.
Қаралған негізгі мәселелер:
Кешкі уақытта себепсіз көшеге шықпау;
Сабаққа тұрақты қатысу және мектеп тәртібін сақтау;
Қауіпсіздік туралы білімдерін кеңейту.