Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында мектеп инспекторымен кездесу өтті.
№3 жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп инспекторымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында мектеп директоры Е.Акбердиев жазғы демалыс кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді.
Атап айтқанда: жол қозғалысы ережелерін сақтау; су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын орындау; қоғамдық орындарда тәртіп сақтау; өрттің, күн өтудің алдын алу; бейтаныс адамдардан сақтану жолдары айтылды.
Сонымен қатар, 12.05.2026 күні 9,10,11-сынып оқушыларына “Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері”тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға жаз мезгілінде кездесетін қауіптердің алдын алу жолдарын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Су қауіпсіздігі туралы ақпарат беру;
• Жолда жүру ережелерін еске түсіру;
• Өрт, күн өту, бейтаныс адамдардан сақтану жолдарын үйрету;
• Жауапкершілік пен сақтыққа тәрбиелеу.
Мақсат - балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу.