"Қауіпсіз балалық шақ" жобасы бойынша апта сайын №3 ЖББМ-де мектеп инспекторы М. Бердалиев және мектеп әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары мен жиналыстарды тұрақты түрде өткізіп келеді.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, әсіресе кешкі уақытта олардың жүрген ортасына мұқият бақылау жасауды сұраймыз.
Соңғы кездері кешкі уақытта қоғамдық орындарда оқушылардың көп жиналуы жиілеп отыр. Бұл жағдайлар топтық жанжалдарға немесе басқа да құқықбұзушылықтарға себеп болуы мүмкін.
Егер осындай топталуларды немесе оқушыларға қатысты күдік тудыратын кез келген жағдайды байқасаңыз, мектеп әкімшілігіне жедел хабар берулеріңізді өтінеміз.
Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігі - біздің ортақ міндетіміз! Қоғамдағы тыныштықтың жәнеде жасөспірімдердің жеке бас қауіпсіздіктерінің сақталуына бірге атсалысайық!
Балаларымыздың қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік.
Ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Кез келген күдікті жағдай туындаса, тәуліктің кез келген уақытында мектеп әкімшілігіне хабарласа аласыз.