«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында мектебімізде 10 «А» сынып оқушыларымен маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында мектеп инспекторы М. Бердалиев, ДТЖЖО А. Садыкбекова, пән мұғалімі А. Сабырғалиева оқушылармен бірге қоғамда жиі кездесетін қауіпті құбылыстар туралы кеңінен әңгіме жүргізді.
Оқушылар нашақорлықтың зияны, интернеттегі «дроп» ұғымы, жеке қауіпсіздікке қатысты «сталкер» түсінігі туралы ақпарат алып, олардың алдын алу жолдарын білді.
Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық сұрақ-жауап форматында пікір алмасты.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің саналы, жауапты әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне бағытталған маңызды қадам екені айтылды.
Бала қауіпсіздігі – қоғам қауіпсіздігі!
Жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін бірлесе еңбек етейік!