Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ — БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

Түркістан облысында «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» өңірлік тұжырымдамасы аясында 18 мамыр мен 1 маусым аралығында кең көлемді ведомствоаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Басты мақсат — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейту.

Осы бағытта облыстың барлық білім беру ұйымдары мен жауапты мекемелер бірлескен жұмыстар жүргізеді.

Білім басқармасы тәрбие бағытындағы жұмыстарды үйлестіріп, «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының» жұмысын жандандырады. Сонымен қатар қоғамдық орындарда арнайы «мобильді кеңестер» ұйымдастырылады.

Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, түнгі рейдтерді ата-аналар патрулімен бірге өткізеді.

Ата-аналар қауымдастығы өз ауылдары мен сыныптарында «Көршілер бақылауы» бастамасын іске асырып, балалар қауіпсіздігіне ортақ бақылау жүргізеді.

Тұжырымдама аясында бірнеше маңызды бағыт бойынша арнайы акциялар мен кездесулер өтеді:

«Бақытты отбасы – бақытты ел» жобасы аясында психологтармен кездесулер, отбасылық спорттық жарыстар және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады;

«Қауіпсіз балалық шақ» бағыты бойынша құқықтық мәдениетті қалыптастыру, «Қауіпсіз аула», «Қауіпсіз маршрут» акциялары өткізіледі;

«Дені сау ұрпақ» жобасында тұрғындарға тегін медициналық кеңестер беріліп, салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралар ұйымдастырылады;

«Сандық әлемге саяхат» аясында ата-аналарға балалардың интернет қауіпсіздігі мен цифрлық бақылау құралдары түсіндіріледі;

«Бала қауіпсіздігі – басты орында» бағыты бойынша төтенше жағдай кезінде әрекет етуге арналған мастер-кластар мен «Қауіпсіз үй» акциялары өткізіледі.

Сондай-ақ, мамыр айының соңына дейін саябақтарда, сауда орталықтарында, ойын алаңдарында және су айдындары маңында арнайы «Мобильді кеңес» жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға жадынамалар мен мамандар кеңесі ұсынылады.

Баланың қауіпсіздігі — тек отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Бірге қорғайық, бірге қамқор болайық!