Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Шардара аудандық білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебінде 2026 жылдың 12 ақпан күні «Үйірме – болашаққа бағдар» онкүндігі аясында «Happy English» үйірмесінің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында «Answer the questions» тақырыбында сайыс сабағы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, сұрақтарды дұрыс түсініп, нақты әрі дәлелді жауап беру дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйрету. Сонымен қатар білім алушыларды өз ойын ашық жеткізуге, қарсы пікірді құрметтеуге және топпен ынтымақтастықта жұмыс істеуге тәрбиелеу көзделді.

Сайыс барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша жарысты. Қатысушылар сұрақтарға жедел жауап беріп, логикалық ойлауын, тілдік қорын және грамматикалық білімін көрсетті. Әр кезең тартысты әрі қызықты өтіп, оқушылар белсенділік танытты. Командалар берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындап, өз білімдерін дәлелдей білді.
Үйірме жетекшісі: Кушибай Дина