Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектеп
Қуанышты жаңалық!
Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының қолдауымен өткізілген «Зерде» республикалық зерттеу және шығармашылық жұмыстар конкурсында 2–7 сынып оқушылары арасынан 7 «А» сынып оқушысы Балтабай Мөлдір Медетқызы
«Үй жағдайында жануар майымен экологиялық таза сабын жасау» тақырыбындағы зерттеу жұмысын сәтті қорғап, III орынға ие болды.
Оқушының жетекшісі Хонарова Айнұр апайымызға еңбегі мен қолдауы үшін зор алғыс білдіреміз.
Айнұр апай, сізге шығармашылық табыс, биік жетістіктер тілейміз!
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу, танымдық дағдыларын жетілдіру және ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру.
Жас зерттеушімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Жаңа белестерді бағындыра бер, Мөлдір!