Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара ауданы №3 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологының жылдық жоспарына сәйкес, 3–6 наурыз күндері аралығында 8–11 сынып оқушылары арасында «Интернет желісіндегі кері әсер ететін сайттар және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Дүйсалиев Нұртай, педагог-психолог Калыкулова Айжан және ұйымдастырушы педагог Ахметова Жадыра жүргізді.
Мақсаты: Оқушыларға интернет желісіндегі кері әсер ететін сайттардың зиянын түсіндіру, кибербуллингтің түрлері мен салдарын таныстыру, оның алдын алу жолдарын үйрету және цифрлық ортада қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық қалыптастыру.
Қорытынды:
Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Кибербуллинг жағдайында әрекет ету алгоритмдері түсіндіріліп, қауіпсіз интернетті пайдалану бойынша нақты кеңестер берілді. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.