№3 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып және 11 - сынып оқушылары «Адал азамат - біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «Қамқор» жобасы аясында «Ерікті болу - елінің ертеңіне жауапты болу» атты акцияға белсене қатысты.
Іс - шараның мақсаты - оқушыларды мейірімділікке, жауапкершілікке, елжандылыққа баулу және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін жалғастыру болды.
Акция барысында ерікті оқушылар ауылымыздың ардақты қариялары Агадылов Жолмамбет ата мен Беримова Ханым апаның үй шаруасына көмек көрсетіп, қайырымдылық қол ұшын созды. Оқушылардың бұл игі ісі қарттарға қуаныш сыйлап, ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеудің жарқын үлгісі болды.