Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облыстық білім басқармасының 2025 жылғы 5 қыркүйектегі №03/10-541 хатына сәйкес, әр аптаның сейсенбі күні бірінші сабақ алдында барлық білім беру ұйымдарында бір мезетте дене жаттығулары өткізіледі.

Осыған орай Түркістан облысы, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектебінде оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен белсенді дене жаттығулары ұйымдастырылды.

Шараға қатысқан оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен, белсенді түрде жаттығулар жасап, бір-біріне сергектік пен қуат сыйлады. Көңілді атмосферада өткен жаттығулар жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етті.