№3 жалпы білім беретін мектебінде «Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Аталған іс-шара барысында 2025–2026 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының мектепішілік, аудандық және облыстық кезеңдерінде жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған оқушылар, сондай-ақ ғылыми жобалар байқауларында жоғары нәтижелер көрсеткен білім алушылар марапатталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – дарынды оқушылардың жетістіктерін кеңінен насихаттау, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету.
Жиын барысында оқушыларға білім жолындағы ізденіс пен табандылықтың маңыздылығы атап өтіліп, алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағыт-бағдар берілді.
Мектеп директоры Еркинали Акбердиев марапатталған оқушыларды құттықтап, олардың алдағы оқу жылына сәттілік тілеп, жаңа жетістіктерге жетулеріне сенім білдірді.