Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2025–2026 оқу жылына арналған жылдық жоспарға сәйкес оқушылар арасында «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру жұмыстары ұйымдастырылды.
ҰБТ дегеніміз не?
ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) – мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейін бағалайтын және жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін маңызды емтихан.
Бұл – сенің жылдар бойы жинаған біліміңнің қорытындысы мен жетістігіңді көрсететін жауапты кезең.
ҰБТ-ның оқушылар үшін маңыздылығы
ҰБТ әр оқушы үшін үлкен мүмкіндік пен жаңа белестерге жол ашады:
Жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік береді
Мемлекеттік білім грантын жеңіп алуға жол ашады
Болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт береді
Өз білімің мен дайындық деңгейіңді дәлелдеуге көмектеседі
Өзіңе деген сенімділікті арттырады.
Қорытынды:
ҰБТ – тек емтихан ғана емес, ол сенің болашағыңа бастар алғашқы маңызды қадам. Сондықтан әрбір оқушы бұл кезеңге жауапкершілікпен қарап, өз мүмкіндігін толық пайдалануға ұмтылуы қажет.
Педагог-психолог: Калыкулова Айжан