Түркістан облысы, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектеп
4 қараша 2025 жыл
ҰБТ - 2026 бойынша онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізілді!
Бүгін №3 жалпы білім беретін мектепте Zoom платформасы арқылы 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық және оны ұйымдастыру барысына арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Онлайн кездесу барысында 2026 жылғы ҰБТ ережелері мен жаңалықтары таныстырылып, оқушылардың дайындық деңгейі мен пән мұғалімдерінің жұмысы талқыланды.
Оқушыларға арналған ең маңызды талаптар мен ережелер түсіндірілді.
Психологиялық қолдау шаралары жоспарланды.
Оқушыларға арналған басты ережелер:
- ҰБТ - ға тіркелу тек Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты арқылы жүргізіледі.
- Телефон, шпаргалка және электронды құрылғыларды алып кіруге қатаң тыйым салынады.
- Тәртіп бұзған жағдайда тест нәтижесі жойылады.
- Міндетті пәндер: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы.
- Тест уақыты - 3 сағат 50 минут.
Мақсат: 11 - сынып түлектерінің сапалы дайындықпен жоғары нәтиже көрсетуіне қолдау білдіру және тәртіп ережелерін нақты түсіндіру.
Жиналысқа 25 оқушы қатысты.
Қатысқандар:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Дарменова Бибигул Рахманкуловна
11 - сынып жетекшісі - Хонарова Айнұр Қуандыковна
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ШЖҚ РМК Жетісай қаласындағы филиалының басшысы - Сеитова Ғазиза Алайдаровна
Тест орталығының хатшысы - Ергешов Серікбек Әуелбекұлы