Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Білімім – Отаныма!» 
Шардара ауданы білім бөліміне қарасты «№3 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоғары деңгейде өтті.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастырылған мерекелік іс-шара «Әділетті Қазақстан» идеясы аясында патриотизмді насихаттап, «Адал азамат» құндылықтарын, «Заң және тәртіп» пен «Таза Қазақстан» қағидаттарын негізге ала отырып, артық шығынсыз, қауіпсіз әрі тәрбиелік мазмұны терең мектеп дәстүрі аясында өткізілді.

Салтанатты жиын мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіліп, Әнұранды асқақтата орындаумен басталды.

Мектеп директоры Е. Акбердиев құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, мектептің жыл бойғы жетістіктеріне тоқталып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге ақ жол тіледі.

Жиында аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлжан Илесова сөз сөйлеп, жас түлектерді егемен еліміздің туын биікке көтеретін білімді де саналы азамат болуға шақырды.
11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау үні ерекше толқынысқа толы сәт болды. Түлектер алтын ұя мектебіне деген шексіз алғыстарын әсем ән мен мектеп вальсі арқылы жеткізді.

Ата-аналар қауымы да мектеп ұжымына және ұстаздарға ыстық ықыластары мен алғыстарын білдірді.

Қорытындылай келе, салтанатты іс-шара белгіленген нұсқаулықтарға сай, артық шығынсыз, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жолың болсын, жас түлек – 2026!

ДТЖЖО: Садықбекова А.
Ұйымдастырушы педагог: Ахметова Ж.