“Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалатын басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің негізгі заңы – Конституцияның маңызы, ондағы білімге қатысты басым бағыттар мен әр азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы терең мағлұмат алды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.
Сонымен қатар, азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген көзқарастары қалыптасты.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақты саналы, білімді әрі елжанды азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған.