«Бақытты отбасы – бақытты ел»
№3 жалпы білім беретін мектепте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Халықаралық отбасы күні, Аналар күні және Әкелер мерекесіне арналған ауқымды мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және отбасылық татулықты нығайту.
Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар ән айтып, би билеп, сахналық қойылымдар мен тәрбиелік көріністер көрсетті. Сонымен қатар отбасылық спорттық сайыстар ұйымдастырылып, ата-аналар мен балалар белсенді қатысты.
Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың бойына сыйластық, қамқорлық, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
Барша ата-аналар мен оқушыларды мерекемен құттықтаймыз!
Психолог: А. Калыкулова
Әлеуметтік педагог: А. Изтурганова