13 ақпан 2026 жылы Түркістан облысы білім басқармасының Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектеп КММ-де 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Дүйсалиев Серікбай, Қиясов Оразбай, Сабырғалиев Бөкенбай және Абуев Егізбай қонақ болып келді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға Ауған оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке баулу және Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында ардагерлер өмірлерінің бір кезеңін, жалындаған жастық шақтарының бір бөлігін оқ пен оттың арасында өткізгендерін айтып, елге аман-есен оралып, туған жермен қауышқан сәттерін еске алды. Олар өткен күндерден сыр шертіп, оқушылармен естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ мектеп ұстаздары мен оқушыларына ақ тілектерін арнады.
Ардагерлеріміз аман болсын! Елімізде әрдайым бейбітшілік орнасын!
Ұйымдастырушылар: тәрбие жұмысы жөніндегі қызметкерлері: А. Садықбекова, Ж. Ахметова, Н. Пайызова, Е. Абілхасым және АӘжТД пәнінің оқытушысы Б.Хошан