№3 жбб мектебінде ата-аналарға арналған кезекті жиналысында психологиялық сергіту сәті болды.
Жиналыста ата-аналарға арналған мазмұнды психологиялық тренинг ұйымдастырылып, оның басты мақсаттары төмендегідей болды:
Ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін арттыру;
Бала тәрбиесіндегі психологиялық ерекшеліктер туралы түсініктерін кеңейту;
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сенімді байланыс орнату;
Отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағыт беру.
Бұл сергіту сәті ата-аналарға өз баласын түсіну, тыңдау және қолдау дағдыларын дамытуға көмектесіп, отбасы ішіндегі үйлесімділікті арттыруға мүмкіндік берді.