Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2025 жылдың 26 - 30 қазан күндері аралығында Шымкент қаласында 2012 - 2014 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында асық атудан жекелей және командалық бағытта Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Бұл байрақты бәсекеде мектебіміздің мақтанышы, 7 «А» сынып оқушысы Қалберген Әбдуәли ерекше белсенділік танытып, командалық сайыста - II орын, жекелей сайыста - III орын иеленіп, мектебіміздің мерейін үстем етті!

Бұл - шәкірттің қажырлы еңбегі мен жаттықтырушысының тынымсыз дайындығының жемісі.

Жас спортшымызды үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жетекшісі: Акимбаев Қадір ағай мен Халбай Әмірхан

Сіздердің еңбектеріңіз бен қолдауларыңызға зор алғыс білдіреміз!

Сіздердің тәрбиелеп отырған спортшыңыз - ел мақтанышына айналары сөзсіз.

Мектеп ұжымы ата - анасына шынайы алғыс білдіре отырып, Қалберген Әбдуәлиге алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейді!

Жеңісіңмен, Әбдуәли!

"Бәрі де білім мен тәрбиеден басталады!"