Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 2026 жылдың 20-24 сәуір аралығында Шардара қаласы “Күміс жағажайда” орналасқан №10216 «Е» әскери бөлім маңында жазық далада 10-сынып оқушыларымен 5 күндік «Оқу дала жиыны» өтті. Осы іс-шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығының 9 тармағына және Шардара ауданы әкімінің 2025 жылғы 29 тамыздағы №223 бұйрық талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.
Сабақтар барысында жалпы білім беретін мектептердің ер балаларымен бірге түрлі дайындықтар өткізілді.
Дала оқу жиынының негізгі мақсаты – оқушыларды әскери іс негіздеріне практикалық түрде үйрету және олардың дайындығын арттыру.
Нақтырақ айтқанда:
1.Теориялық білімді тәжірибеде бекіту (саптық дайындық, атыс негіздері, және тактика дайындық).
2.Әскери тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру
Қиын жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету.
3.Командалық жұмысқа (бірлесе әрекет етуге) дағдыландыру.
4.Отан қорғауға дайын, патриот азамат тәрбиелеу.
5.Төтенше жағдайларда (апат, табиғи қиындықтар) әрекет ету қабілетін дамыту.
Оқу сабақтары жастарды патриотизмге тәрбиелеу, оларды әскери қызметке даярлау үшін оң әсер етті.
