Бүгінгі үйірме сабағында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ожанов Нұрболат ағай оқушыларға ағаш бетіне күйдіру арқылы сурет салу – пирография өнерінің қыр-сырын көрсетті.
Бұл сабақта технология пәнінің бейнелеу өнері және сызу пәнімен тығыз байланыста екенін балалар іс жүзінде танып, өз қолымен жұмыс жасап үйренді.
Пирография – әлі күнге дейін мәнін жоғалтпаған ерекше өнер!
Оқушылар ағаш бетіне әртүрлі өрнектер мен суреттерді дәлдікпен күйдіріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп шықты. Жас шеберлердің жұмыстары ерекше әдемі, тиянақты және өте әсерлі болды!
Мұндай сабақтар – балалардың ойлау қабілетін, қол дағдыларын, эстетикалық талғамын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Жарайсыңдар, жас шеберлер!
Ал Нұрболат ағайға еңбегі мен үйреткен жаңашыл тәсілдері үшін үлкен рақмет!