Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектеп
Адалдық – адамдықтың белгісі
Бүгін мектепте оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту мақсатында «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында тәрбие жұмысы өтті.
Шараның мақсаты:
Оқушыларды сөзіне берік, ісіне адал болуға үйрету;
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
Мейірбандық, ақылдылық, шыншылдық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойға сіңіруге ықпал ету.
Бұл бағыттағы жұмыс балалардың мінез-құлқын тәрбиелеуде, жауапкершілік пен адамдық қасиеттерді дамытуда маңызды рөл атқарады.