Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектеп
Бүгін №3 жалпы білім беретін мектеп базасында «Адал ұрпақ» еріктілер мектебі клубтарының аймақтық слёті өткізілді. Іс-шара «Білім туралы» ҚР Заңының талаптарына сай ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасында адалдық, әділдік, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталды.
Слётке өңірдегі 9 білім беру ұйымдарының 9–10 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері қатысып, өздерінің дайындығын, ұйымшылдығын және патриоттық рухын көрсетті.
Слёттің негізгі кезеңдері:
Топ басшыларының баянат жасауы, ұран айтуы, саптық жүріс
Патриоттық ән орындау
Әскериленген іс-қимылдар көрсету
«АК-74» автоматын бөлшектеу және жинау нормативтері
Белтемірде тартылу және жалпы дене дайындығы бойынша жарыстар
Әр команда жоғары тәртіппен, біркелкі формада, ұйымшылдық танытып, өздерінің әскери-патриоттық дайындығын жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтиже:
Аудандық кезеңде үздік шыққан №3 ЖББМ командасы жүлделі II-орынды иеленді.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Хошан Бексұлтан ағайға сапалы дайындық үшін алғыс білдіреміз.
Құттықтау:
Топ басшысы Жалғас Нұржанұлы бастаған оқушыларымызға
әрдайым биіктерден көріне беріңіздер!
Еңбектеріңіз жана берсін!