Түркістан облысы Шардара ауданы № 3 жалпы білім беретін мектеп
«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында ДТЖЖО А. Садықбекова, сынып жетекшісі Ж. Джолдыбаева, мектеп инспекторы Марат Бердалиевтің қатысуымен 8 «А» сынып оқушылары арасында профилактикалық жиналыс өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ жаңа жылдық мерекені қауіпсіз әрі тәртіппен өткізу мәселелерін түсіндіру.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заң талаптары, құқықтық нормалар, қоғамдағы қауіпсіздік ережелері жөнінде кең көлемде мағлұмат берілді.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.
Осындай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі тәртіпті орта қалыптастыруға зор үлес қосады.