Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы №3 жалпы білім беретін мектеп
«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында “Қауіпсіз бала-қоғам міндеті” тақырыбында директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Садықбекова, сынып жетекшілері А. Бұхарбай, М. Забиева және мектеп инспекторы Марат Бердалиевтің қатысуымен 7 «а, ә» сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ жаңа жылдық мерекені қауіпсіз әрі тәртіппен өткізу мәселелерін түсіндіру.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заң талаптары, құқықтық нормалар және қоғамдық қауіпсіздік ережелері туралы кең көлемде мәлімет берілді.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.
Осындай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі тәртіпті орта қалыптастыруға зор ықпал етеді.