3 ЖББМ «Жайдарлы жаз – 2026» жазғы лагері
2026 жылғы 1 маусым күні №3 жалпы білім беретін мектептің «Жайдарлы жаз – 2026» жазғы лагерінде Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мереке аясында балаларға арналған «Шаттыққа толы бала әлемі» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерт барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, әсем әндер орындады, жүрекке жылы әсер қалдыратын тақпақтар оқып, көңілді билер биледі. Балалардың жарқын күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің сәнін келтіріп, барша көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Концерт соңында мектеп директоры Е. Акбердиев балаларды мерекемен құттықтап, өз атынан барлық балаға балмұздақ үлестірді. Бұл балалардың қуанышын еселей түсті. Сонымен қатар, демеушілеріміз Жарасов Берікбай мырза және Муханова Динара ханымның қолдауымен балаларға түрлі сыйлықтар табысталып, мерекелік күн ерекше қуанышқа толы болды.