Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөлімінің 26.11.2025 ж. №26/7647 хатына сәйкес, Халықаралық конвенция шешімімен белгіленген «25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні» аталып өтті.
Осыған орай 2025 жылдың 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында облыс көлемінде ұйымдастырылған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы – 16 күн белсенді іс-әрекет» кең көлемді акциясы аясында мектебімізде бірқатар іс-шаралар өткізілді.
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ұранымен өткізілген сурет байқауында
9 «А» сынып оқушысы Сапарбай Айсымбат – III орын иеленді.
Үйірме жетекшісі: Күлбаева Нұргүл.
«Аналар – асыл жандар, қыздар – қызғалдақтар», «Отбасым – Отаным» атты көркемсөз байқауында
9 «А» сынып оқушысы Сапарбай Нұрбақыт – I орын иеленді.
Жетекшісі: Ахметова Жадыра.
Іс-шараның мақсаты:
– Оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның зиянды салдарын түсіндіру;
– Адам құқықтары мен баланың қауіпсіздігін қорғау туралы ақпарат беру;
– Балалардың бойында мейірімділік, жанашырлық, бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.