Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы сейсможаттығу өткізу жоспарына сәйкес, «№3 жалпы білім беретін мектептің» КММ-нің 2025 жылдың 24 қыркүйек күні сағат 11.40-12.10 аралығында «Жер сілкінісі кезінде қызметкерлер мен білім алушылардың іс-қимылдары туралы» сейсможаттығу өткізілді. Жаттығуға 293 оқушы, 39 мұғалім, 15 кіші қызметкерлер қауіпсіз аймаққа шығарылып сапқа тұрғызылды. Сынып жетекшілері сыныптағы оқушылардың толықтығын тексеріп, мектептің әскери жетекшісі Б.Хошанға баяндама жасады. Сейсможаттығу кезінде оқушылыларға қауіп қатер келген жоқ. Мектеп медбикесі Д.Казыбекова алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын көрсетіп,құтқару топтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сейсмикалық жаттығудың мақсаты:
 -қажетті теориялық білімдер,практикалық іс-әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу;
-жер сілкінісі қауіпі төнген немесе туындаған кездегі қызметкерлердің дайындығын тексеру,дағдыларын үйрету.
Іс-шара барысында АҚ бастығы мектеп директоры Е.Д.Акбердиев қызметкерлер мен білім алушыларға Жер сілкінісі кезінде қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі туралы түсіндіріп, мұндай жаттығулар тұрақты жүргізілетінін айтып өтті.