Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«№3 жалпы білім беретін мектептің» КММ-нің 2026 жылдың 3 наурыз күні сағат 11.20-11.40 аралығында «Жер сілкінісі кезінде қызметкерлер мен білім алушылардың іс-қимылдары туралы» сейсможаттығу өткізілді. Жаттығуға 293 оқушы, 39 мұғалім, 15 кіші қызметкерлер қауіпсіз аймаққа шығарылып сапқа тұрғызылды. Сынып жетекшілері сыныптағы оқушылардың толықтығын тексеріп, мектептің әскери жетекшісі Б.Хошанға баяндама жасады. Сейсможаттығу кезінде оқушылыларға қауіп қатер келген жоқ. Мектеп медбикесі Д.Казыбекова алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын көрсетіп,құтқару топтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сейсмикалық жаттығудың мақсаты:
-қажетті теориялық білімдер,практикалық іс-әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу;
-жер сілкінісі қауіпі төнген немесе туындаған кездегі қызметкерлердің дайындығын тексеру,дағдыларын үйрету.
Іс-шара барысында АҚ бастығы мектеп директоры Е.Д.Акбердиев қызметкерлер мен білім алушыларға Жер сілкінісі кезінде қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі туралы түсіндіріп, мұндай жаттығулар тұрақты жүргізілетінін айтып өтті.