Түркістан облысы білім басқармасының Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектеп КММ-де педагог-психологтың жылдық жоспарына сәйкес 09–18 ақпан аралығында «Психология әлемі» тақырыбында онкүндік өтеді.
Онкүндіктің мақсаты – оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің, аутодеструктивті мінез-құлықтың және ерте жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ оқушыларға күйзелістен арылуға көмектесу, шабыт беріп, алға нық қадам басуына қолдау көрсету.
Онкүндіктің ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің психология әдіскері Мамедова Динара Зейнабдинқызы, оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Дарменова Бибігүл, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Садықбекова Анифа құттықтау сөз сөйледі.
Мектеп педагог-психологы Калыкулова Айжан Алиханқызы онкүндіктің мақсатымен таныстырып, апталық аясында түрлі танымдық іс-шаралар, тренингтер мен психологиялық кеңестер ұйымдастырылатынын атап өтті.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
Онкүндігіміз сәтті өтсін!