№3 жалпы білім беретін мектебінде 02 наурыз күні аудандық «Шабыт шыңы» атты өнер фестивалі өтті. Аталған шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Өнер додасына арнайы ауданнан келген, өнер мен мәдениет саласында тәжірибесі мол, өз ісінің білікті мамандарынан құралған әділ-қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының құрамында:
Аудандық білім бөлімінің әдіскері – Г. Шамеева
Аудандық оқушылар үйінің директоры – С. Жиенбаева
Балалар саз мектебінің директоры – А. Джумагалиева
Балалар саз мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А. Касымбекова
Аудандық оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы – А. Абдраманова болды.
Фестиваль барысында оқушылар ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, түрлі сахналық қойылымдар қойды. Әрбір өнер көрсетілімінде жас өнерпаздардың таланты мен еңбегі айқын байқалды. Көрермендер де оқушылардың өнеріне тәнті болып, зор ықыласпен қолдау көрсетті.
Өнер – адамның жан дүниесін байытып, рухани әлемін кеңейтетін құндылық. Осындай шаралар арқылы оқушылар өз қабілеттерін шыңдап, өнердің биік шыңына ұмтылуға мүмкіндік алады.